19 ақпан 2014 | 21:18

Алматыда нан бағасы 60 теңгеден аспайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда нанның бағасы бұрынғы деңгейде қалады, яғни 60 теңгеден аспайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласының әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ және қаланың ұн тарту өнеркәсібі мен нан пісіру кәсіпорындары арасында әлеуметтік нан бағасын сақтап қалу ережесі туралы меморандумға қол қойылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов ірі шаһарда соңғы бірнеше жылда нан бағасы өзгермегенін айтты. Ол теңге бағамының өзгеруі бағаны қайта қарауға әсер етпейтіндігін тілге тиек етті. Шормановтың сөзінше, астық қоры жаңа өнімге дейін, яғни тамыз айына дейін жетеді. Бұдан басқа "Азық түлік келісім шарт корпорациясы" астық өңдейтін компанияларға астықтың әр тоннасын 30 мың теңге деп жариялады. Еске сала кетейік, теңге бағамының өзгерісінен кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов дереу азық-түлік бағасының өсіп кетпеуін қадағалауға алуды тапсырған болатын. Қала басшысы бағаны тежеу үшін барлық заңды механизмді іске қосып, тіпті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етуді тапсырды. Сонымен бірге Есімов нан бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін Үкіметке меморандум жасау туралы ұсыныспен шықты.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети