Алматы тұрғындары сатып алған нандарының арасынан бес жәндікті тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғындары сатып алған нандарының арасынан бес жәндікті тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 20 қарашада болған, алматылық Балнұр Пірәлі қала маңында тұратын құрбысының үйіне қонаққа барған. "Дастархан басында әңгімелесіп отырып, бір минут ойға шомып кеттім және көзім жартылай кесілген нанға түсті. Онда түсініксіз қара дақтар болды. Біз оны қарап, шұқығаннан кейін қоңыздар екенін түсіндік. Біз бір наннан бес жәндікті алып шықтық, нан орамаға оралған болатын", - деді ол.
Нанның Алматының орталығындағы супермаркеттердің бірінде сатып алынғаны анықталды. Дайындалған уақыты ретінде 19 қараша көрсетілген. "Түсінбеймін, ол жерге қоңыздар қайдан келген, бесеуі бірдей. Біз ешқайда шағымданған жоқпыз, нанды кейін лақтыра салдық. Өкінішке қарай, чек те жоқ, сақтамаппыз. Мұндайға жол бермеу үшін өндіруші компания жағдайды реттеуі тиіс", - деді қыз.
Осыған ұқсас оқиға бұған дейін Астанада болды. Елордалық тұрғын нанның ішінен шеге тауып алды. Нан "Әнуар" дүкенінен сатып алынған. Алайда кәсіпорынның коммерциялық директоры шегенің нанның ішінде болуы мүмкін емес екенін айтты.