Республика сарайының алдына әуелі 50-ге жуық адам жиналды. ©Tengrinews.kz
Алматыда доллар бағамының өзгеруіне наразы адамдар митингке шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Бүгін түс кезінде 50-ге жуық адам Республика сарайының алдына жиналған. Олардың арасында саясаткер Серікжан Мәмбеталин мен қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин болды. Жиналғандар теңге бағамының құлдырауына наразылығын білдіріп, биліктен әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, біршама уақыттан соң жиналғандардың қатары шамамен екі есе көбейген. Бұдан соң наразы топ қала әкімдігінің алдына келді. Достық даңғылымен көтерілген адамдар легін құқық қорғау органдары өкілдері қарсы алды. Тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстап әкеткен. Біраздан соң жиналғандардың алдына прокуратура өкілі шығып, митингтің заңсыз ұйымдастырылғанын ескертті. Көп ұзамай адамдар тарай бастады. Құқық қорғау органдарымен арада жанжал болған жоқ.
Алматыда доллар бағамының өзгеруіне наразы адамдар митингке шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Бүгін түс кезінде 50-ге жуық адам Республика сарайының алдына жиналған. Олардың арасында саясаткер Серікжан Мәмбеталин мен қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин болды. Жиналғандар теңге бағамының құлдырауына наразылығын білдіріп, биліктен әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, біршама уақыттан соң жиналғандардың қатары шамамен екі есе көбейген.
Бұдан соң наразы топ қала әкімдігінің алдына келді. Достық даңғылымен көтерілген адамдар легін құқық қорғау органдары өкілдері қарсы алды. Тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстап әкеткен. Біраздан соң жиналғандардың алдына прокуратура өкілі шығып, митингтің заңсыз ұйымдастырылғанын ескертті. Көп ұзамай адамдар тарай бастады. Құқық қорғау органдарымен арада жанжал болған жоқ.