27 наурыз 2017 17:12

Алматыда нашар жолдардың картасы жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақатаев көшесі © ata-data.kz Мақатаев көшесі © ata-data.kz

Алматыда нашар жолдардың интерактив картасы жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда нашар жолдардың интерактив картасы жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жөндеуді қажет ететін жолдар картасы "Алматы, сөйле!" сайтында жарияланған. Сонымен бірге, жоба авторлары алматылықтарға қай жерлерге балалар алаңы керектігін хабарлауды сұрайды. 

 
Сайттың скриншоты

"Біз - әрқайсымыз, азаматтық тергеу жүргізе аламыз: нашар жолдарға қашан жөндеу жасалғанын, оған қанша қаржы жұмсалғанын білуге болады. Балалар ойнайтын алаңдарында да солай. Бұл үшін не істеу керек? Жүретін жолыңыздағы шұрықтарды (сынған бордюрлерді), аулаңыздағы қауіпті және тозығы жеткен балалар алаңын суретке түсіріп алу керек. Суретті сайтқа жүктеп, орналасқан жерін көрсетіңіз. Өз тергеуіңізді жүргізгіңіз келсе, өз атыңыздан аудан немесе қала әкімдігіне сұраныс жіберіңіз. Алған жауабыңызды да сайтқа жүктей аласыз. Бұл жұмысын дұрыс атқармайтын мердігерлерді анықтап, ары қарай мұндай жұмыстармен айналысуға мүмкіндік бермеу үшін керек", - дейді картаны жасаушылардың бірі Жанна Байтелова.

Оның айтуынша, "Алматы, сөйле!" атауы Speak Austin сайтына ұқсастырып қойылды, АҚШ-тағы Остин қаласының тұрғындары осы сайтқа өз қиындықтары туралы хабарлайды. 

"Бұл жобаны әзірлеуге 7 адамның еңбегі мен хостинг және домен үшін 7 мың теңге жұмсалды", - дейді Байтелова. 

2017 жыы Алматыда 14 магистральді және аудандық деңгейдегі 24 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Орташа жөндеу жұмыстарына жеті миллиард теңге бөлінген. Магистарль көшелерден Абдулиндер, Бөгенбай батырдан Мақатаев көшесіне дейін, Бұрындай көшесіне, Ержанов көшесінен бастап, Қапшағай тас жолындағы айналма жолға дейін жөнделеді. Сонымен бірге, жаз мезгілінде Қарасай батыр көшесіне де жөндеу жасалады. Барлық жұмысты қараша айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Абай, Сейфуллин даңғылдары, Төле би сияқты үлкен көшелердің шұңқырларын бітеу жоспарланған. Ал Сайын көшесінен Тау Самалы аулына дейінгі аралықтағы Жандосов көшесінің бойын кеңейте отырып, оған күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Көше екі жағынан да екі жолақты болады. 

Сондай-ақ, жақында қалаға қосылған Наурызбай ауданындағы "Қалқаман" және "Алты Алаш" ықшамаудандарында 17,3 шақырым және Алатау ауданындағы "Алғабас" және "Ақбұлақ" ықшамаудандарында 11 шақырым жол салу жоспарда бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети