Алматы қаласында Наурыз мейрамын тойлау орталық алаңнан Алматыдағы мәдениет және демалыс саябағына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мегаполис билігі іс-шараларды қала алаңдарында өткізуден бас тартты.

Наурыз мерекесін тойлау саябақта 22 наурызда, таңғы уақытта басталады. Саябақта ұлттық және спорттық ойындар, дәстүрлі дастархан жаю мен концерттер өткізу үшін түрлі тақырыптарға арналған алаңдар болады. Айта кетейік, 2015 жылы Наурыз мейрамы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізіледі, сондықтан саябақ хандық заманындағы кейіпке енеді, ал оның ішінде театрландырылған қойылымдар болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары цирк әртістерінің өнерін тамашалайды, сонымен қатар, қыран құстардың шоуын көре алады. Жәрмеңкеде нан-тоқаш өнімдері мен сүт өнімдері, сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлар арнайы бағалармен сатылады. Әкімдік болса қаланың сегіз ауданынан саябаққа апаратын автобус маршруттарын ұйымдастырады.
Мәдениет басқармасының өкілдері шараның қалалықтар алаңға емес, саябақтарға баруды әдетке айналдыруы үшін жасалып отырғанын айтты. Мұнымен бірге, тойлау барысында көшелер жабылмайтын болды. Болашақта Наурыз мейрамы ғана емес, өзге мерекелер де саябақтарда өтетін болады.