Алматыда қалың қар 29 наурызда жауа бастап, қазіргі уақытқа дейін жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Алматыда қалың қар 29 наурызда жауа бастап, қазіргі уақытқа дейін жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Қардың жамылғысы 25 сантиметрге жетті, ал ауа температурасы 10 градусқа дейін түсті. Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері мұндай қардың қысқы уақытта да жаумағанын айтты. Таулы жерлерде жағдай тіпті күрделенді, онда қардың жамылғысы жарты метрге дейін жетті. Төтенше жағдайлар департементінің өкілдері таулы аудандарда қар көшкіні болатынын айтып, ескерту жасады. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 400 дана техника мен 900 адам жолдарды тазалауға жұмылдырылды. Қарды тазалауға осы жылдан бастап пәтер иелері кооперативі мен шағын және орта бизнес субъектілері қосылып отыр. Табиғатты қорғау қызметінің мамандары бұл міндеттерді атқару бойынша әрдайым тексеріс өткізіп отырады. Ұйымдар мен пәтер иелері кооперативінің басшыларына қарды тазалағаны үшін айыппұл салынып жатыр. Апта сайын айыппұлдардың сомасы екі миллионға жетеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласында қар түскеннен кейін 15 жол-көлік оқиғасының тіркелгені хабарланған болатын. Полицияның мәліметінше, Алматыда қар түскеннен кейін негізінен жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары болған. Мәлімет 29-30 наурыз аралығындағы уақыт бойынша келтіріліп отыр. "Қардың қалың түсуі жолдағы хал-ахуалды қиындатты. Көпшілік қысқы шиналарын жазғы дөңгелекке ауыстырып үлгерді және сондықтан жүргізушілер тізгінге ие бола алмай қалды", - деді қалалық ІІД баспасөз-хатшысы. Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға және қар түскенде аса сақ болуға шақырып отыр.