Алматыда неге күн жылы? Синоптиктер түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда неге күн жылы? Синоптиктер түсіндірді Фото © Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Алматыдағы әдеттен тыс жылы ауа райының себебін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, температураның көтерілуі оңтүстік-батыстан: Орта Азия аймақтарынан, соның ішінде Ауғанстан, Иран және Өзбекстаннан жылы ауа массаларының келуімен байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Алматыдағы әдеттен тыс жылы ауа райының себебін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, температураның көтерілуі оңтүстік-батыстан: Орта Азия аймақтарынан, соның ішінде Ауғанстан, Иран және Өзбекстаннан жылы ауа массаларының келуімен байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кисебаевтың айтуынша, ауа массаларының дәл осы бағытта ауысуы жұмсақ қысқы ауа райының негізгі факторы болды. Қаңтарда кейбір күндері Алматыда ауа температурасы +11 градусқа дейін көтерілген.

Осы кезеңде жауын-шашын іс жүзінде байқалмаған. Кисебаевтың дерегінше, аздаған қар тек 1 және 2 қаңтарға қараған түні жауған, ал қалған уақытта ауа райы жылы болды.

Бұл ретте, Кисебаев қаңтарды аномальды жылы деп айтуға келмейтінін атап өтті. Қорытындыны тек қыс мезгілінің қорытындысы шығарылып, орташа айлық температуралар есептеліп, климаттық нормадан ауытқулар анықталған соң ғана айтуға болады.

"Алматыда қаңтарда жылы болғаны, сирек құбылыс емес", - деді Дәулет Кисебаев.

Мысал ретінде ол өткен жылдардағы деректерді келтірді. Мәселен, 2000 жылдың 6 қаңтарында қалада ауа температурасы +16,1 градусқа дейін көтерілсе, абсолюттік максимум 2002 жылдың 7 қаңтарында тіркеліп, +18,2 градус болған. Сондай-ақ 2007 жылғы қаңтардың екінші онкүндігінде температура +12 мен +15 градус аралығында болған, ал 2014 жылдың 20 қаңтарында термометр бағаны +12…+13 градусқа дейін көтерілген.

Айта кетейік, аптаның соңына қарай, 16 қаңтарда, Алматыда күн салқындайды деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, жұма күні таңертең, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері мезгіл-мезгіл қар жауады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.82  course up  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети