Алматыда Nur Otan бөлімшесі неге су ақысын төлемегені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Nur Otan бөлімшесі неге су ақысын төлемегені белгілі болды Фото: elements.envato.com

"Алматы су" кәсіпорны Nur Otan партиясының Алматы бойынша бөлімшесінің су үшін төленбеген қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы су" кәсіпорны Nur Otan партиясының Алматы бойынша бөлімшесінің су үшін төленбеген қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның мәліметінше, борышкер Nur Otan-ның Алматыдағы аудандық бөлімшесі болған. Ол жер су ақшасын реквизиттің өзгергеніне байланысты төлей алмаған, бірақ "Алматы су" бұл туралы білмеген.

"Тұтынушы бухгалтериясы төлем туралы шотты алмаған. Қарыз реквизиттер түзетіліп, суық су және кәріз жүйесі үшін төлем құжатын бергеннен кейін төленді", - деп хабарлады "Алматы су" өкілі.

Компания тұтынушылардан реквизит өзгергені туралы уақытылы хабарлауды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін "Алматы су" кәсіпорны су ақысын төлемеген ірі борышкер тізімін жариялаған болатын. Коммуналдық қызметтерге төлем жасамағандар тізімінде ҰҚК Шекара қызметі мен полицияның өңірлік департаменттері, Nur Otan партиясының бөлімшесі мен хайуанаттар бағы бар. Борышкерлер тізімінде көрсетілген кейбір ұйым қарызын төлеп үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети