Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды Фото ©REUTERS

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы өткен аптадан бері оң нәтиже көсеткен ПТР-сынамаларынан күнделікті скрининг жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қалада алғаш рет "Нью-Йорк" штамы табылды деген қауіп бар. Бұл штамм түрі қыста Нью-Йоркте дүрбелең тудырған болатын. Талдау секвенирлеуге бағытталған", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда алғаш рет үнді штамы анықталған болатын. Бекшин қазақстандық вакцина коронавирустың кез келген түрінен қорғауға қабілетті екенін айтып, тұрғындарды вакцинацияға шақырған болатын.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 54 сынаманың 30-ынан үнді штамы табылды деген қауіп анықталғаны хабарланған болатын. ВАК қазірдің өзінде санитария дәрігеріне карантинді күшейтуді және қызмет көрсету саласындағы вакцина алмаған қызметкерлерге шектеулер енгізуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети