Алматыда оқушы қыздардың өзіне қол жұмсау оқиғасы: іс 5 айдан бері тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқушы қыздардың өзіне қол жұмсау оқиғасы: іс 5 айдан бері тергеліп жатыр Фото:depositphotos.com

Алматы прокуратурасы екі мектеп оқушысының өзіне қол жұмсау ісі бойынша бес айдан бері жүргізіліп жатқан тергеу барысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы екі мектеп оқушысының өзіне қол жұмсау ісі бойынша бес айдан бері жүргізіліп жатқан тергеу барысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде қалалық прокуратура мектеп оқушыларының суицид жасау оқиғасы бойынша қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу қызметі өндірісінде екенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық қудалау органы оқиғаның барлық мән-жайын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес анықтап жатыр", – деді Алматы прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов.

Еске салайық, 2024 жылғы 16 қыркүйекте Алматыда екі мектеп оқушысы көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткені хабарланды.

Алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, онда қыздардың пәтер терезесінен құлап кеткені туралы болжамдар айтылған. Сондай-ақ, бұл қайғылы оқиғаның "қауіпті" онлайн ойындар мен ерекше әдебиеттермен байланысы болуы мүмкін деген пікірлер пайда болды. Кейін Алматы полициясы мектеп оқушыларының қайтыс болғанын растады. Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтай бастады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл оқиғаның суицид екенін мәлімдеп, "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети