Алматыда оқушылар арасында COVID-19 жұқтыру дерегі 22 есе өскен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматыда оқушылар арасында коронавирус жұқтыру дерегі күрт көбейді. Бұл туралы өңірлік онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дельта" штамының ерекшелігі - бұл жастар арасында тез тарауында. Мектеп оқушыларын алсақ, оқушылар қазір демалыста болғанына қарамастан, жұқтыру көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 22 есеге өскен. Бізде шамамен бір жасқа дейінгі 200 бала ауырды. Мұны білу керек және мүмкіндігінше байланыста болудан сақтану керек. Адам көп жиналатын жерлерде, ойын алаңдары, саябақтар және т.б. жерлерде ата-ана қырағы болуы керек. Бес жастан асқан балалар маска режимін сақтағаны жөн", - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығатынын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама