29 шілде 2021 15:14

Бекшин Алматыда карантинге қатысты жаңа қаулы шығатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулы әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулы әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжаттың соңғы нұсқасымен алматылықтар ертең кешке, 30 шілдеде таныса алады.

"Бұл қаулы биыл 2-16 тамыз аралығында әрекет етеді. Осы құжат бойынша көп ұстанымды кәсіпкерлер қауымдастығы, "Атамекен" ҰКП, кәсіпкерлік басқармасымен талқыладық. Бағытты талқыладық. Бірақ түпкілікті ұсыныстар мен талаптарды күтеміз. Әсіресе, Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін нысандардың қызметін шектеуіміз керек", - деді Бекшин.

Ол 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кейбір нысан қызметін тоқтататынын айтты. Шектеулер екі апта бойы жарамды болады.

Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирусқа байланысты жағдай күрделеніп бара жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети