Қашықтан оқыту үшін мектеп оқушыларына ақауы бар 1019 планшет таратылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір ата-ана мектептен алған планшеттер талапқа сай емес екенін айтып, шағымдарын жеткізген болатын.
Бүгін Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі планшеттерді тәуелсіз сараптау нәтижелерін айтты.
Әр түрлі ақаулары бар алты құрылғыға диагностика жасалды. Бұл құрылғының бәрі бастапқыда техникалық шарттарға сәйкес келмеген болып шықты.
Алматыда барлығы 22 мың планшет сатып алынған, олардың әрқайсысы - 60 мың теңге.
"1019 планшеттен зауыттық ақау анықталды. Мұның бәрін жеткізушіге берілді, олар техникаларды ауыстыруға міндеттеме берді", - деді республикалық арнайы бақылау тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Хасанов.
Оның айтуынша, ақауы бар планшеттер жөнделмейді, бірақ екі-бес күн аралығында жаңасына ауыстырылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!