02 қазан 2017 | 14:03

Алматыда өлі табылған балалардың екі жасар ағасы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Тоңазытқышта өлі табылған балалардың ағасы ауруханада өткір ішек инфекциясымен жатыр. Баланы алып кетуге жақындарының біреуі де келмеген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Насихат Түлекова айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Тоңазытқышта өлі табылған балалардың ағасы ауруханада өткір ішек инфекциясымен жатыр. Баланы алып кетуге жақындарының біреуі де келмеген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Насихат Түлекова айтты.

Равиль Волченко медициналық мекемеге 27 қыркүйекте түскен.

"Ол бізге №2 балалар ауруханасынан келіп түсті. Инфекцияны кір қолдардан-ақ жұқтырып алған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта нормотермия жүргізіліп жатыр, температурасы жоқ, сұйық нәжіс жоқ. Бала жатыр, өз бетінше ойнап жүре береді. Жағдайы қанағаттанарлық. Палатада Равильмен бірге тағы үлкенірек екі бала жатыр: бірі - мектеп оқушысы, екіншісі шамамен 5 жаста. Равиль өте байсалды, өз-өзімен жүре береді. Медбикелер келіп қарап тұрады", - деді Насихат Түлекова.

Сондай-ақ, бас дәрігердің орынбасары Равиль Волченко жазылған соң оны туыстарының бірі алып кетпесе, оның балалар үйіне берілетінін айтты.

"Оған біреу келіп тұра ма, жоқ па - ол жағын білмедім. Қазір біз оны соңына дейін емдеп шығамыз, сараптамаларын аламыз. Баланы туыстарынан ешқайсысы алып кетпейтін болса, бізде заңгер бар. Ол баланы балалар үйіне рәсімдей алады. Біз балаларды балалар үйіне өзіміз апарамыз. Жағдайы жақсарған соң. Бала №2 ауруханада жатқанда одан инфекция анықталды. Содан оны бізге жіберді. Енді баланы осы ауруханадан рәсімдейтін боламыз. Шамамен 7-10 күннен кейін", - деді Насихат Түлекова.

Осыған дейін де үшінші баланың балалар үйіне берілуі мүмкін екені айтылған болатын. "Қазір баланың ешқандай құжаты жоқ. Ол №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Кейінірек бала 4 жасқа толғанша балалар үйіне жібереміз. 4 жасқа толғанда балалар үйіне жіберіміз", - деген еді Алматы қалалық Білім басқармасының қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тахирова.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети