Алматыда өліара кезеңде азық-түлік бағасы тұрақтандырылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистерге "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қоймаларында сақтаулы тұрған көкөністер мен ең қажетті азық-түлік тауарлары көрсетілді.
Алматыда өліара кезеңде азық-түлік бағасы тұрақтандырылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналистерге "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қоймаларында сақтаулы тұрған көкөністер мен ең қажетті азық-түлік тауарлары көрсетілді.
2012 жылы ӘКК-ге бюджеттен 1,166 миллиард теңге бөлінген. Үш жыл ішінде компания бұл қаражатты қоймаларды жалға алуға, тауарларды сатып алу мен сатуға жұмсады. Корпорация өкілдері өліара кезеңде сатылатын азық-түлік бағасы нарықтағы бағадан төмен болады, ал көкөніс көктемге дейін жеткілікті. "Біз шаруа қожалықтарымен және тауарөндірушілермен тікелей, делдалсыз жұмыс істеп отырмыз. Қоймаларды жалға аламыз, онда орамжапырақ, сәбіз, пияз, картоп, күріш, ұн, май мен басқа да аса қажетті өнімдерді сақтаймыз. Қойма меңгерушісі күн сайын температура мен сақтау жағдайларын тексереді. Барлық өнім өліара кезеңде сатылады, бүгінде 21-павильонда біздің өнімдер біз бекіткен баға бойынша сатылады, ол нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен. Мысалға, орамжапырақтың келісі 55 теңгеден, пияз 75 теңгеден, "Жайлау" күнбағыс майының литрі 230 теңгеден, тағысын-тағы. Қосымша тағы алты павильон салып жатырмыз, 16 желтоқсанға қарай әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататын 29 орын болады, олардағы баға төмен болады", - дейді "Алматы" ӘКК төрағасының орынбасары Аспандияр Сейсебаев.
Сейсебаевтың айтуынша, Алматы маңындағы қоймаларда 500 тонна пияз, 1000 тонна картоп, 120 тонна орамжапырақ, 100 тонна сәбіз сақтаулы. ӘКК Қызылорданың "Інжу-маржан" күрішінің 300 тоннасын, ұнның 1500 тоннасын, қанттың 500 тоннасын, күнбағыс майы мен сарымайды 100 тоннадан сата алады. ӘКК отандық өндірушілермен ғана жұмыс істейді.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер павильондарда әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмен бағамен сатқаны үшін оларға сауда алаңдарын жалға алу құны арзандатылады. Мысалға, 40 шаршы метр болатын орынды небәрі 70 мың теңгеге жалға ала алады, ал басқа орындарда дәл сондай сауда алаңдарының құны - 200 мың теңге.
"Алматыдағы тағам өнімдері бағасына қордаланып қалған мәселелер жиынтығы ықпал етеді. Ол - жалға алу, логистика, кеден, басқа да себептер. Қалада біз қатысатын жәрмеңкелер өтіп тұратынын білесіздер. Бүгінде тауардың 18 түрін қолжетімді бағамен сатып отырмыз, егер үкімет бұл тізімді кеңейтсе, оларды да сатып аламыз", - дейді Сейсебаев.