19 қаңтар 2016 | 13:34

Алматыда "Оңай" жүйесіне қарсы ереуілге шыққан жүргізушілер жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда №65 бағытындағы автобустардың сегіз жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұлпар" автобус паркіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда №65 бағытындағы автобустардың сегіз жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тұлпар" автобус паркіне сілтеме жасап.

"Бұл жүргізушілер жұмыстан шеттетілді, қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне байланысты шара қолданылады. Олар жұмыстан шығарылуы мүмкін", - деді автопарк қызметкерлері.

Компания өкілдерінің айтуынша, жанжал автобус жүргізушісі Таңат Мұсаев пен "Алматы көлік холдингі" ЖШС қызметкері арасында шыққан. "Кеше көлік холдингінің қызметкерлері жүргізушінің жолаушылардан ақша алғанын анықтаған. Бұл оқиғаға осы жағдай себеп болды. Холдинг қызметкерлері жүргізушіні ақша жинағаны үшін жауапқа тарту мақсатында полицейлерді шақырады. Дегенмен біздің жүргізуші кінәлі емес екенін айтып, құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Оқиға болған жерге жүргізушіні қолдау үшін 65-бағыттағы автобустардың басқа да жүргізушілері келді. Олар Абай көшесі бойында тұрып алып, электронды билет жүйесіне наразылық танытты", - деді компания қызметкері.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Алматыда №65 бағытындағы автобус жүргізушілері "Оңай" жүйесіне қарсы ереуілге шықты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети