11 қараша 2017 15:18

Алматыда "Оңай" жүйесінен ақау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда "Оңай" жүйесінде ақау шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Green Bus компаниясының алматылық филиалының директоры Бауыржан Кулишев мәлімдеді. 


Алматыда "Оңай" жүйесінде ақау шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Green Bus компаниясының алматылық филиалының директоры Бауыржан Кулишев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, автопаркте 60-қа жуықтай автобуста ақау байқалған. 

"Қазір жөндеп жатырмыз. Бағдарламасы істен шыққан болар. Анықтаймыз. Әдетте күніне 50-60 ақау табылады. Бірақ бүгін ерекше болды. Троллейбус және №1 автобус паркі толықтай ажырап қалды, тағы 300 көлік", - дейді Кулишев. 

Ал "Алматы көлік холдингінің" баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев ақаудың себептері анықталып жатқанын айтады. 

"Қай бағыттарда екенін анықтаймыз. Қызмет топтары жөнелтілді", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети