Алматыда өрт шықты: қою қара түтін жұртты алаңдатты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өрт шықты: қою қара түтін жұртты алаңдатты

Алматыда қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 13 қаңтарда түс ауа Айманов пен Солодовникова көшелерінің қиылысына жақын жерде сағат 14:00 шамасында болған. Мұнда автокөлік гаражы өртенген.

ТЖД мәліметінше, өрт 13 минутта сөндірілген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құраған.

"Өртті сөндіруге Бостандық ауданының екі өрт сөндіру бекетінен үш техника мен 14 адам жұмылдырылды. Өрт 13 минутта ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети