Алматыда жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей Жаңа жыл түні түскен. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мереке күндері 189 бригада жұмыс істеген, 500-ден аса қызметкер еңбек еткен.
"2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне 11 158 өтініш түсті. Жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей Жаңа жыл түні түсті. 1 900 шақырту тіркелді", - деді Андрей Ложкин.
Сонымен қатар, биыл қалада пиротехникадан жарақаттану бойынша 20 оқиға тіркелген.
"Оның 11-і балаларға қатысты. Ең жас зардап шеккен бала 4 жаста болды. Он адам жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді, жетеуі дәрігерге өз бетінше жүгініп, үшеуі жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты", - деді Андрей Ложкин.
Сонымен қатар, мереке күндері жедел жәрдем қызметкерлері бес сәтті реанимация жасаған. Үш адамды үйде босандырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!