Алматы әкімдігі ойын-сауық орталықтарында орналасқан кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда 21 ойын-сауық орталығы мен 100 сауда орталығы мен үйі бар.
"Егер кафе ойын-сауық орталығында орналасса, алайда шығу есігі бөлек болса, мұндай нысандар жұмысын демалыс күндері де жалғастыра береді. Бұған дейін іргелес аумақтағы жазғы алаңдарды кеңейту туралы шешім қабылданған болатын. Жалпы алғанда, бизнес қауымдастықпен түсіністік орнатқанбыз. Біздің міндетіміз - бақылауымыздағы эпидемиологиялық жағдайды түсініп, одан өту", - дейді Оразалин.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізілген еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!