ПОДЕЛИТЬСЯ
26 маусым 2020 | 13:15
Алматыда өз сәбиін өлтірген ұлыбританиялықтың соты өтіп жатыр
Алматыда Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамедтің соты өтіп жатыр. 42 жастағы ер адамға бір жарым жасар қызын бес жұлдызды InterContinental қонақүйінде өлтірді деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамедтің соты өтіп жатыр. 42 жастағы ер адамға бір жарым жасар қызын бес жұлдызды InterContinental қонақүйінде өлтірді деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық процесс онлайн форматта өтіп жатыр. Сотталушы Баракат аудармашымен бірге Zoom бағдарламасы арқылы тергеу изоляторынан сотқа қатысты. Сондай-ақ отырысқа сотталушы мен жәбірленуші тараптың адвокаттары қатысады. Сот процесінде барлығы БАҚ өкілдеріне олардың суреттерін репортажға қолдануға қарсы болды. Сот өтінішті қанағаттандырды.
Қайтыс болған қыздың анасының қорғаушысы - заңгер Нинель Ахмеджанова. Ол соттан қылмыстық іспен танысу үшін уақыт беруді сұрады, өйткені бұл іске жақында ғана кіріскен. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, отырысты 10 күнге дейін кейінге қалдырды.
Сотталушы Баракат Мохамед онлайн режимде сот процесіне қатысып отыр (сол жақ төменгі бұрышында)
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген.
Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 42 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы. Оның жары - 22 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Олар үш жыл бұрын үйленген.
The Sun мәліметінше, Мохамед Баракаттың адвокаты сотта іс "Адам өлтіру" бабынан "Абайсызда кісі өлтіру" бабына ауыстырылуы керегін айтқан. Адвокаттың сөзінше, бір жарым жасар қыз әкесі оның үстіне абайсызда құлап, "денесімен басып қалғаннан кейін" қайтыс болған.
Алматы қонақүйінде болған жантүршігерлік қылмыс: ұлыбританиялықтың қамау мерзімі ұзарды
Сот бапты қайта қарастыратын болса, айыпталушы 15-20 жыл аралығына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылудың орнына үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал қыздың анасы Мадинаның адвокатының айтуынша, оқиға кезінде қыздың анасы бөлмеде болмаған. "Екеуі ұрсысып қалғаннан кейін ол дәлізге шығып кеткен. Ол күйеуі баланы әдейі не абайсызда өлтіргенін білмейді. Шешімді сараптама шығарады", - деген еді адвокат Руслан Джанабаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также