20 ақпан 2020 10:40

Алматы қонақүйінде болған жантүршігерлік қылмыс: ұлыбританиялықтың қамау мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жарым жасар қызын өлтірген ұлыбританиялық Баракат Мохамедтің қамау мерзімі ұзартылды. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап. 


Бір жарым жасар қызын өлтірген ұлыбританиялық Баракат Мохамедтің қамау мерзімі ұзартылды. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап. 

InterContinental қонақүйінде қыздың өліміне қатысты деректер әлі анықталып жатыр. Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамедті қамау бір айға ұзартылды. 

"Тергеу сотының қаулысымен қамауда ұстау бір айға, яғни 24 наурызға дейін ұзартылды", - дейді қалалық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Алматыда ер адам баланы қылғындырып өлтірген

Еске салайық, оқиға 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген. 

Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы. Оның жары - 22 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Олар екі жыл бұрын үйленген. 

The Sun мәліметінше, Мохамед Баракаттың адвокаты сотта іс "Адам өлтіру" бабынан "Абайсызда кісі өлтіру" бабына ауыстырылуы керегін айтқан. Адвокаттың сөзінше, бір жарым жасар қыз әкесі оның үстіне абайсызда құлап, "денесімен басып қалғаннан кейін" қайтыс болған. 

Егер сот бапты қайта қарастыратын болса, айыпталушы 15-20 жыл аралығына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылудың орнына үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ал қыздың анасы Мадинаның адвокатының айтуынша, оқиға кезінде қыздың анасы бөлмеде болмаған. 

"Екеуі ұрсысып қалғаннан кейін ол дәлізге шығып кеткен. Ол күйеуі баланы әдейі не абайсызда өлтіргенін білмейді. Шешімді сараптама шығарады", - деген еді адвокат Руслан Джанабаев. 

Алматыдағы қонақүйде болған қылмыс: жаңа деректер шықты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети