Алматыда өзенді тазалаған тракторлар жол төсемін бүлдіріп кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда техника өзен бойындағы жол төсеміне зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда техника өзен бойындағы жол төсеміне зақым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгердің айтуынша, өзен (Есентай болуы мүмкін - авт.еск.) тазартылған, бірақ тазалау кезінде сәндік жол төсемі бүлінген.

"Міне, тракторлар мына жердің бәрін бүлдірді. Бүкіл жолды. Қараңызшы, бұл Абай мен Сәтбаев арасы. Бұл жерге қанша ақша құйылды. Техникаға шыдамай, бәрі қирады", - дейді автор дауысы.

Алматы әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді. Әкімдік мәліметінше, алдағы уақытта бұл жол қалпына келтірілмек.

"Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті мәліметінше, жолдарға келтірілген залалды мердігер қалпына келтіреді. Жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары биыл сәуірдің аяғына дейін жүргізіледі", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети