23 мамыр 2023 14:25

Алматыда пандемия кезінде салынған ауруханалар ғимараты неге бос тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті коронавирус пандемиясы кезінде салынған модульдік ауруханалардың бос ғимараттары туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті коронавирус пандемиясы кезінде салынған модульдік ауруханалардың бос ғимараттары туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 2020 жылы 18 күнде салынған COVID-19 модульдік ауруханасының ғимараты қазір бос тұрғаны туралы ақпарат пайда болған. Желі қолданушылары нысанды балаларға арналған спорт кешеніне айналдыруға ұсыныс білдірді.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы Aport Mall ауданындағы 300 орындықты және Саялы ауданындағы 280 орындық екі модульді ауруханасы бүгінде қалалық балалар жұқпалы ауруханасына ауыстырылып, қазіргі уақытта оның филиалы екенін атап өтті.

"Мұнда олар қала тұрғындарына энтеровирусты инфекция, ішек инфекциясы, ЖРВИ (ларингит, фарингит және т.б.), пневмония және бронхит, менингит, қызылша, гепатит, ауа тапшылығы инфекциялары сияқты жұқпалы аурулар бойынша медициналық қызмет көрсетеді", - деді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, жұмыс істеп тұрған қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы сонау 1980 жылы 360 төсек-орынмен салынған. Ол кезде қаладағы бала саны 100 мыңға жуық болған. Қазір олардың саны 700 мыңға жетті. Жұқпалы ауруларға арналған балалар төсек-орындарына қажеттілік артып отыр.

"Қаланың Түрксіб, Жетісу, Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарынан 378 бала жұқпалы аурулардан екі бөлімшеде ем алып жатыр. Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарындағы негізгі ғимараттарында 259 бала ем алып жатыр. Қаланың ішінде балаларға және тұрғындарға ем алып, қаралуға қол жетімді", - деді ведомство.

Еске салайық, 2020 жылдың сәуір айында Алматыда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған модульдік жұқпалы аурулар емханасы ашылып, ол 18 күнде салынған еді. Қараша айында екінші модульдік аурухана ашылды. Бірінші аурухананы салудың өзіне 5 миллиард теңге қаржы жұмсалды.

2021 жылдың қаңтарында Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар модульдік ауруханасына бөлінген ақшаның жымқырылуына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети