Алматыда пәтерін жөндетеміз деп алданған тұрғындар көмек сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтерін жөндетеміз деп алданған тұрғындар көмек сұрады Фото:depositphotos.com

Алматыда тұрғындар бір жылдан бері өз пәтерлерінің жөндеу жұмыстарын аяқтата алмай жүр. Олардың айтуынша, жеке құрылыс компаниясы ақшаны, кілттерді жинап алғанымен, жұмысты аяқсыз қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғындар бір жылдан бері өз пәтерлерінің жөндеу жұмыстарын аяқтата алмай жүр. Олардың айтуынша, жеке құрылыс компаниясы ақшаны, кілттерді жинап алғанымен, жұмысты аяқсыз қалдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Не болған?

Алматылықтардың сөзінше, олар "құрылыс компаниясының өкілі" ретінде танысқан Акбар есімді адамға сеніп қалған. Жәбірленушілердің әрқайсы 4–15 миллион теңге аралығында қаражат берген, алайда жұмыстар бастапқы кезеңнен әрі аспаған.

"Ол маған: "Кассада ақша жетпейді, 10 миллион теңгеге жөндеу жасауға келіскен бригада алдап кетті" деді. Қазір Акбар менің пәтерімді бітіруден бас тартып отыр, себебі бұл оған тиімсіз екен. Яғни, ол бес миллион алды, ал пәтерді бітіру оған тиімді емес", - дейді жәбірленушілердің бірі Дина Болатова.

Артур Сүйменбаевтың айтуынша, оның отбасы бір жылға жуық жалдамалы пәтерлерде тұрып жүр, себебі өздерінің таунхаусы тұруға жарамсыз. Ол жұбайының көлігін сатып, құрылысшыларға 14,5 миллион теңге берген.

"Біз оларға сендік, өйткені офисі болды, қызметкерлері отырды, материалдары тұрды. Тіпті қасындағы компанияны серіктес ретінде көрсетті. Ремонтты толық жасап береміз деді. Алғашқы жұмыстар басталды, бірақ кейін аяқ асты тоқтап қалды", – дейді ол.

Жәбірленушілердің айтуынша, соған қарамастан Акбар жаңа тапсырыстар қабылдауды жалғастырып жүр.

Ал құрылыс компаниясының өкілдері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып, байланысқа шықпаған.

Прокуратура пікірі

Алмалы ауданы прокуратурасы бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.

"Қазір Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі Гаппаровқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс аудан прокуратурасының ерекше бақылауында", – деді Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Жандос Төлепбергенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети