24 шілде 2019 | 09:11

Алматыда перзентханадағы өлімнен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматыда перзентханадағы өлімнен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда перзентханадағы өлімнен кейін төрт адам қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Алматының №1 перзентханасында бір апта бұрын көпбалалы ана көз жұмған еді. 27 жастағы келіншектің іш қуысына қан кетіп, оны дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандырып алған.

Шақалақ аман-есен, ал өзін ақ халаттылар құтқара алмапты. Артында үш баласы қалған марқұмның туыстары өлімге дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр. Олар наразылықтарын әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталды.

"Периниталдық орталықтың қызметкерлері тиісті медициналық көмекті көрсеткен. Бірақ келіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Кешенді тексеру жұмыстары басталды. Комиссия құрамына республикалық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті кірді. Тексеріс қорытындысы полиция департаментіне жеберілетін болады", - дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети