Алматыда Pfizer-ге сұраныс артты, бірақ вакцина аз қалды

Фото ©REUTERS

Алматыда Pfizer BioNTech (Комирнати) вакцинасына сұраныс артты. Алайда қалада бұл вакцинаның тек 9 951 дозасы қалды (бір адамға арналған). Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

2021 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының 380 250 дозасы жеткізілді.

"Мамырдан бастап көптеген ел шекарасын ашқандықтан бұл вакцинаға сұраныс өсті, себебі оған ДДСҰ сертификат берген. Көп елдің талабы - Pfizer-дің екі компонентінің болуы. Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілді", - деді басқарма өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтығандар саны артты

Бұған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев неге дәл қазір ревакциналау маңызды екенін айтқан болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама