29 маусым 2022 11:16

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 110 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 110 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 471-ге жетті.
 
Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 29,
  • Алматы қаласында - 56,
  • Шымкент қаласында – 7,
  • Ақмола облысында – 2,
  • Алматы облысында - 1,
  • Атырау облысында - 2,
  • Жамбыл облысында - 4,
  • Қарағанды облысында - 6,
  • Павлодар облысында - 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2.

Қазақстанда 48 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 10,
  • Алматы қаласында - 34,
  • Қостанай облысында - 1,
  • Қызылорда облысында - 1,
  • Павлодар облысында - 2.

Елімізде барлығы 1 292 328 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 28 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 523 631 адам, 2-компонентін 9 306 077 адам салдырды.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша, 2022 жылғы 28 маусымда Pfizer вакцинасының I дозасын 1 220 828 адам, ІІ дозасын 1 141 780 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен:

  • Жасөспірімдер – 866 622,
  • Жүкті әйелдер – 41 119,
  • Бала емізетін әйелдер – 144 803.

 ІІ компонентімен:

  • Жасөспірімдер – 837 197,
  • Жүкті әйелдер – 38 121,
  • Бала емізетін әйелдер – 137 307.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети