Алматыда ПИК қызметкерлері сүңгі тазалау арқылы ақша табуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерняя Алматы" басылымына сілтеме жасап.
Алматыда ПИК қызметкерлері сүңгі тазалау арқылы ақша табуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерняя Алматы" басылымына сілтеме жасап.
Басылымға белгілі болған ақпаратқа сәйкес, Төле би көшесіндегі №178 көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы үй-жайдың иесі "Жансая" пәтер иелерінің кооперативінен бірнеше рет сүңгілерді алып тастауды сұраған. Бірақ кооператив қызметкерлері жұмысы үшін бес мың теңге төлеуді талап еткен.
"Шатырда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ірі сүңгілер тұр. ПИК басшылығымен байланыстым. Маған шатырдағы мұзды бірінші қабаттағы бос үйлердің иелері, яғни бізге өз қаражатымызға тазарту керек екенімізді айтты. Бірақ біз ай сайын үйді күтіп-ұстауға және "Жансая" ПИК қызметіне ақша төлеп отырмыз. Тіпті шатырды жөндеуге кеткен жалпы қаражаттың 80 пайызын пәтер иелері төледік. Ай сайын күрделі жөндеуге арналған жинаққа ақша құямыз. Күнқағардағы сүңгілерді жинауды да өзіміз жүзеге асырамыз. Неге бізден шатырды мұздан тазалауға ақша талап етеді?", - деп шағымданда үй-жайдың иесі.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасының мамандары тез арада түскен шағымға назар аударып, ПИК басшысының әрекетіне жауап қайтарды.
"Мұз сүңгілерінің жаяу жүргіншілерге арналған жолға құлауын болдырмау және оны күнқағардан уақытылы алып тастау - ПИК қызметкерлерінің міндеті. Көпқабатты үй тұрғындары шатырды мұз бен сүңгіден тазарту жауапкершілігі үй басқармаларында жатқанын және олар бұл жұмысы үшін жалақы алатынын білуі тиліс", - делінген хабарламада.