Алматыда Pine Hill клуб үйінің бір қабаты бұзылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда Pine Hill клуб үйінің үшінші қабаты сот шешімі бойынша бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Pine Hill клуб үйінің үшінші қабаты сот шешімі бойынша бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Ерменсай шағынауданы, 7 бұрыш, 8/1 учаскедегі ТҮК-нің үшінші қабатын бұзу басталды.

"Тапсырыс беруші (жеке тұлға) екі қабатты үйдің құрылысына рұқсат құжаттарын алған, бірақ ол қосымша тағы бір қабат тұрғызған, бұл жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Соның нәтижесінде меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1, 462-бабы 3 бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Басқарманың талап-арызы бойынша сот талқылауларының қорытындысына сәйкес, 2022 жылы 15 маусымда Алматы қалалық соты 3-қабатты бұзу туралы шешім шығарды", - делінген хабарламада.

Нысанның қабатын бұзу бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Төменгі қабаттарға зақым келтірмеу үшін қолмен бұзылып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети