Алматыда полицей формасындағы ер адамның оғаш қылығы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей формасындағы ер адамның оғаш қылығы видеоға түсіп қалды видео кадры

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің формасын киген ер адамның мас күйдегі видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің формасын киген ер адамның мас күйдегі видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

20 қазанда әлеуметтік желілерде жасыл жолағы бар шалбар және "полиция" деген жазуы бар форма киген ер адамның видеосы тарады. Кадрларда ер адам көліктің капотына бетін қойып жатқаны көрінеді, келесі сәтте ол теңселіп, көлікке отыруға тырысады.

Алматы Полиция департаментінің пікірі

Алматы Полиция департаменті қазіргі уақытта видеодағы ер адамның жеке басы мен оның құқық қорғау органдарына қатысы анықталып жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Алматы Полиция департаментінің басшылығы өз ұстанымын нақтылайды: ішкі істер органдарында полиция абыройы мен атағын төмендететін адамдарға орын жоқ", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ақпарат расталған жағдайда кінәлі тұлға ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатуға дейінгі қатаң жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети