19 желтоқсан 2022 | 09:03

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсанда таңғы сағат 10:24 кезінде "101" пультіне Медеу ауданы, Ахмедсафин көшесінде орналасқан №8-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына 6 минутта жеткен өртсөндірушілер, үйдің шатыры мен төбе жабындысының жанып жатқанын анықтады. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 23 минут ішінде оқшауланып, 11:15-те толығымен жойылды. Өртпен күрес мамандары көрші тұрғын үйді өрттен қорғап қалды. Өртті жоюға ТЖД құрамынан - 30 қызметкер, 6 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды", - делінген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері "Буран-240" экипажының патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Бақытжанұлы Әшеков пен ЖМК № 10 станциясының фельдшері Тахир Руземов өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, жанып жатқан үйден аяғының жарақатына байланысты (отадан кейінгі жағдайы) үйден өз бетінше шыға алмай отырған 31 жастағы әйелді құтқарғанын айтты.

Құтқару барысында, полиция аға лейтенанты Бағдат Әшеков жарақаттанған. Дәрігерлер тексеріп, медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол қызметіне қайта оралған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети