15 тамыз 2019 | 18:16

Алматыда полицейді көлігінің есігімен сүйреп кеткен жүргізушінің видеосы пайда болды

Желіде Алматының полиция қызметкерін көліктің есігімен сүйреген жүргізушінің видеосы пайда болды. Көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматының полиция қызметкерін көліктің есігімен сүйреген жүргізушінің видеосы пайда болды. Көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздеу бөлімінің қызметкерлері бірқатар іздестіру шараларын өткізді. Олар жасырылған жүргізушіні ұстауға бағытталған болатын. 

"Күдіктінің аты-жөні белгілі. Ол 1981 жылғы азамат. Оны кеше түнде ұстады", - деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары, подполковник Ерік Насырбеков. 

Ер адамға қылмыстық және әкімшілік заңның бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Олар Қылмыстық кодекстегі 345-баптың 1-тармағы, 380-баптың 3-тармағы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 312-бап 1-тармағы. 


Фото: Алматы қаласының ПД

Оқиға 11 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Медеу ауданында болған. Luxgen-7 көлігінің иесі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған болатын. Полиция қызметкері құжаттарын сұраған кезде ол қарсыласып, қашып кеткен. 

"Жүргізушіні полиция қызметкері оны тоқтату үшін көліктің есігінде тіреліп қалғаны алаңдатпаған. Ер адам керісінше газ қосып, полицейді итеріп жіберген. Нәтижесінде сержант Руслан Мұқашев оң жақ жауырыны сынған. Ққазір оның өміріне қауіп төніп тұр, ол ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді Ерік Насырбеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети