Әлеуметтік желілерде Алматыда полицейдің ер адамды қуып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан тәртіп сақшысы біраз жүгіріп, кейін тоқтап, қашып бара жатқан адамды жібере салғаны байқалады.
Бұл жағдайға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді. Полицейден қашқан адам жол ережесін бұзған көліктің жолаушысы екен.
"Наурызбай ауданында Алатау даңғылы бойында жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктегі жолаушы кенеттен көліктен түсіп, қашып кетуге әрекет жасаған. Оның әрекеті күдік тудырып, полицейлер бірден қуа жөнелді", – деді ведомство өкілдері.
Кейінірек қашқан адамды қарсы бағыттан келе жатқан басқа патруль қызметкері ұстаған. Ұсталған адамның шетел азаматы екені анықталды.
"Құжаттарын тексеру кезінде көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталған жоқ. Оның не себепті қашпақ болғаны анықталып жатыр", – деп түйіндеді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!