Алматыда полицейлердің жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлердің жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Алматылықтар полицияның жүргізушіні қуған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар полицияның жүргізушіні қуған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсан күндізгі уақытта Жібек жолы көшесінде болған. Видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода екі полиция көлігі қызыл көлікті қуып келе жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Қызыл көліктегі жүргізуші автокөлікті ұрлап кеткені анықталған. Полиция мәліметінше, "Тойота" маркалы көлігі Жетісу ауданынан ұрланған.  

"Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көліктің ізіне түсті. Жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына құлақ аспады. Жасырынып қалу мақсатында жүргізуші Арбаттағы жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші ұсталды", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети