30 қараша 2022 | 10:24

Алматыда полицейлердің заңсыз әрекетін байқасақ қайда шағымдану қажет?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясының ішкі қауіпсіздік департаменті тәртіп сақшыларының әрекеті бойынша қайда шағымдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясының ішкі қауіпсіздік департаменті тәртіп сақшыларының әрекеті бойынша қайда шағымдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство қоңырауларды есепке алу автоматты түрде жүргізілетінін айтады. Бұл сигналдарға жылдам жауап беруге мүмкіндік береді.

Полицейлер заң бұзса, дөрекілік танытып, балағаттаса 8-707-927-67-69 телефонына хабарласуға болады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда egov.kz порталы және басқа да қолжетімді ақпараттық ресурстар арқылы арыз қалдыруға болады.

Полиция департаменті сонымен қатар іс жүзінде қызметтер мен бөлімше қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше нысандары бар екенін атап өтті.

"Мысалы, төсбелгі бейнетіркегіштердің көмегімен біз жол-патрульдік полиция инспекторларының жұмыс сапасын ғана емес, даулы мәселелерді де шеше аламыз. Сонымен қатар, бұл сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді шарасы. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтау, олардың қылмыстық және әкімшілік қудалау орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеу мәселелері ҚР ІІМ және Алматы ПД басшылығының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз", - деп атап өтті Алматы қаласы ПД жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети