Алматыда полиция бастығы “аудиожазбаның тарауына“ байланысты қызметінен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция бастығы “аудиожазбаның тарауына“ байланысты қызметінен шеттетілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда аудандық полиция басқармасының бастығы интернетте аудиожазба пайда болғаннан кейін қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аудандық полиция басқармасының бастығы интернетте аудиожазба пайда болғаннан кейін қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-арналарда полиция басшысының қол астындағы қызметкерімен әңгімесі делінген жазба тарады. Әңгіме тақырыбы түсініксіз, бірақ бейәдеп сөздер естіледі.

"Сен менімен сөз таластырмақсың ба? П...й н...й бұл жерден. Түсіндің бе н...й? Кеше ғана келген бала. Өз ісіңе жауап бер! (...) Өз жұмысыңды істе!" – деп естіледі жазбада.

"Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы, суға салса батпайтын полковник Данияр Мендебаев қол астындағыларын осылай балағаттайды. Қаңтар оқиғасына дейін Алматы облысы ПД бастығы генерал Күдебаевтың орынбасары болған. Қаңтардан кейін қайтадан құқық қорғау органдарында қызметке оралған" – делінген жазба сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру кезеңінде аталған басшы қызметінен уақытша шеттетілді. Егер тәртіп бұзушылық расталса, қатаң шаралар қабылданады," – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети