Алматы полициясында тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы барлық бейнекамера жазбасын көре алатынын айтты, - деп хабарлайды polisia.kz.
Алматы полициясында тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы барлық бейнекамера жазбасын көре алатынын айтты, - деп хабарлайды polisia.kz.
Полиция Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырма аясында жоба әзірленіп, оған сәйкес тәртіп сақшылары қаланың әртүрлі нысанындағы бүкіл бейнекамераны көре алатынын айтты.
"Сауда үйлері, ауруханалар, емханалар, мектептер, бір сөзбен айтқанда, адам жаппай баратын орындар туралы болып отыр. Осылайша қалада 100 мың бейнебақылау камералары арқылы тәртіпті сақтауға мүмкіндік аламыз. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс жасай береміз, - деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Полиция департаменті мәліметі бойынша, Алматыда 600 жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген бейнекамера бар.
"Бүгінде полиция төрт мың бейнебақылау камералары көмегімен қаланы бақылайды. Олардың 600-і жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген және тәртіп бұзған адамды тіркейді. Камера іздеуде жүрген адамды немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті анықтай алады. Олардың көмегімен жыл басынан бері 1400 қылмыстың беті ашылды, 780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды", - деді Таймерденов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!