Алматылық полиция қызметкерлерінің қызметтік көліктері саудаға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық полиция қызметкерлерінің қызметтік көліктері саудаға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
gosreestr.kz электрондық сауда алаңының сайтында полицейлер мінген бірнеше көлік саудаға шығарылған. Сатушы - Алматы Қаржы басқармасы.
2011 жылғы Daewoo Nexia 250 192 теңгеге сатылып жатыр. Сауда түрі - баға жоғарылайды.
Бұл көлікті сатып алғысы келген адам 37 мың 529 теңге сомасында кепіл жарнасын төлеп, электронды саудаға қатыса алады. Сауда биыл 11 шілдеде өтеді.
Daewoo Nexia маркалы тағы бір көлік 250 мың 192 теңгеге сатылып жатыр. Мұнда да сауда түрі жоғарылайтын баға ретінде көрсетілген. Көлік 2011 жылы өндірілген.
Аукцион 11 шілдеде өтеді. Сауда электронды алаңда өтеді.
Бұл көлік Алматы ІІД қызметінде болған.
Тағы бір лот - 2008 жылғы Mitsubishi Lancer маркалы көлік. Көліктің бастапқы құны 250 мың 107 теңге.