Алматыда шетелдік азаматтарға ЖСН беру үшін ашылған арнайы ХҚКО-да ұзын сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда шетелдік азаматтарға ЖСН беру үшін ашылған арнайы ХҚКО-да ұзын сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде ХҚКО-лардың біріне ЖСН алуға келген Ресей азаматтары жиналған ұзын сонар кезек видеосы пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, кезек шынымен бар, бірақ бұл мәселе шешіліп жатыр және Ресей Федерациясы азаматтары 2-3 минут ішінде қызмет алып жатыр. Бұл ретте ресейліктер кезегі Жетісу ауданы, Құлагер шағынауданы, Қазыбаев көшесі, 286в мекенжайы бойынша Құлагер шағынауданындағы ФОК (спорттық-сауықтыру кешені) ғимаратында арнайы ұйымдастырылған бір ғана ХҚКО-да байқалады.
"Олар ешкімге кедергі жасамайды. Бұл жұмысы күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығы. Онда алдымен 20 жұмыс орны бөлінген, қазір 40 қызметкер қызмет көрсетіп жатыр. Ресейліктерге көші-қон қызметінің қызметкерлері де кеңес беріп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
ХҚКО-да бір күнде шетелдіктердің 3-3,5 мың өтінімі қаралады. Бұл әдеттегі жүктемеден 50 пайызға артық. Қызметкерлер 09:00-ден 20:00-ге дейін, талон алған соңғы клиентке дейін жұмыс істейді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ға ауызсу әкелінеді және шетелдік азаматтардың түнде қалатын жері болмаған жағдайда орындар беріледі.
Сондай-ақ, ЖСН алу үшін шетел азаматтары "Банк ЦентрКредит" филиалдарына келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:
- Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 140;
- Әуезов ауданы, Ақсай-2 шағынауданы, 9а үй;
- Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 65;
- Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 1;
- Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 143а;
- Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 156;
- Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 1.
Сондай-ақ, Ресей азаматтарының ЖСН-ді онлайн режимінде арнайы бот, банктік қосымша немесе SMS хабарлама арқылы алу мүмкіндігі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!