01 желтоқсан 2016 14:14

Алматыда Роза Бағланованың есіміне көше берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған салтанатты шара кезінде, Алматының Республика сарайы алаңында Алматыда кей көшелердің атауы өзгеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Байбек бұл шараның, яғни Алматы көшелерінің атын өзгерту қала қоғамының пікірінен туындағанын айтты. 

Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды.

Сонымен, өзгертілген көшелер:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша -"Көкқайнар" шағынауданындағы "Абай" көшесі - "Әзірбайжан Мәмбетов" көшесі;  "Әйгерім-1,2" шағынауданындағы "Ленин" көшесі - "Василий Бенберин" көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша -  "Левон Мирзоян" көшесі - "Шапық Шөкин" көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша: "8-линия" көшесі - "Ербол Сыпатаев" көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша: 5. "Көктөбе" шағынауданындағы "Жамбыл Жабаев" көшесі - "Роза Бағланова" көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша: "Қалқаман-2" шағынауданындағы "Мұхтар Әуезов" көшесі - "Бәйкен Әшімов" көшесі болып қайта аталатын болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети