Алматыда апаттық жағдайдағы және ескі үйлерді сүру бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Розыбакиев - Жандосов - Радостовцев - Сәтбаев көшелерінің бойындағы 40 шақты үй сүріледі, - деп жазады "Крыша".

Мұндай шешім 2015 жылы V шақырылымдағы мәслихаттың XLVII сессиясында қабылданған болатын. Бір жылдай мұнымен айналысатын құрылыс компаниясын іздеген.
Сүрілген ғимараттар орнына 16 қабатты жаңа үй салынып, ескі пәтер иелеріне осы тұрғын үйден жаңасы беріледі.
Алайда жергілікті тұрғындар өзгелеу мәлімет беріп отыр.
"Әкімдікке бардық 17 қабатты үйдің жобасын көрсетті. Екі қабатты пәтерлер біздікінен үлкен, ал үш бөлмеліпәтерлері кішкентай. Оның үстіне балкон пәтер өлшеміне кірігіп отыр. Паркинг қарастырылмаған. Бұл бізге ұнамайтынын жаздық. Наурыздың басында жобаны қайта қарауға уәде берді. Әзірге ешкім хабарласқан жоқ", - дейді тұрғындар.
Келесі жылдың екінші тоқсанында адамдар жаңа қоныстарына кіре алады деп есептелген.