Алматыда Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Розыбакиев көшесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Розыбакиев көшесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

"Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағ. 22.00 мен 10 қыркүйек сағ. 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша толық шектеледі", - делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар жолды орташа жөндеу аясында жоспарланғаны атап өтілді.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - деп қосты департамент өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети