© Территория происшествий
Алматыда жаяу жүргіншілер көлік астына түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жаяу жүргіншілер көлік астына түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға Ақжар шағын ауданында, МАИ бекетіне жақын жерде болды.
Land Cruiser 200 жүргізушісінің айтуынша, ол Жандосов көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Әйел баламен жаяу жүргіншілер жолағында кенет пайда болып, тоқтауға үлгермей қалған.
Әйел мен бала түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын қалалық полицейлер анықтап жатыр.
© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы