Алматыда Сафар Шәкеевтің туған күніне орай еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2 қыркүйекте Сафар Шәкеев 25 жасқа толар еді. Қайтыс болған жігіттің туыстары, жақындары, достары және әріптестері еске алды. "Арман" кинотеатрының үлкен экранында оның қысқаметраж фильмдері қойылды: Facing you (2010) , Lotus (2012) және Thank you for flying (2014). Ол бұл фильмдерді АҚШ-та оқып жүрген кезінде түсірген. Айта кетейік, Сафар Шәкеевтің туындылары АҚШ-та ұлттық дарынды жастар байқауының жеңімпазы атанған.

© Tengrinews.kz
"Бұл Сафардың бастамасы еді. Ол Америкада сегіз жыл өмір сүрді. Ол ел оған екінші үйі болды. Қай қалада болмасын Сафарды жақсы көретін адамдар көптеу болатын. АҚШ-тан бүгінгі шараға қатысу үшін оның достары, мұғалімдері келіп отыр. Олар Сафарды еске алу кешін Сан-Франциско қаласында, Лос-Анджелесте, "Чампен университетінде өткізді", - деді Сафардың әкесі, композитор Еркеш Шәкеев.
Еркеш Шәкеев. © Tengrinews.kz
Сафар Шәкеевтің Университеттегі достары, өз достары туралы естеліктерімен бөлісті.
Сафар Шәкеевтің АҚШ-тағы достары. Сурет: Tengrinews.kz
"Ол әрдайым бір үлкен іс жасағысы келетін. Біз екеуіміз жақынырақ танысқан кезде, жақсы дос болып кеттік. Ол өте жақсы әрі ашық адам болатын және адамдармен де жақсы қарым-қатынаста болды. Ол кез келген адамды шабыттандыра алатын. Ол біздің мектептің жаны болды", - дейді Америкадағы Марк есімді ұстазы.
Сафар Шәкеевтің оқытушылары АҚШ-тан ұшып келді. Сурет: Tengrinews.kz
Сафар Шәкеев 1991 жылы 2 қыркүйекте Көкшетау қаласында белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев пен экономист Жібек Шәкееваның отбасында дүниеге келген. Сафар Шәкеев АҚШ-та қоющы-режиссер мамандығын оқыған. Елге оралған ол қысқаметраж фильмдер, жарнама роликтері және әкесінің "Люби меня" композициясына бейнебаян түсірген.
Сафар Шәкеев қайғылы жағдайда осы жылдың шілде айында қайтыс болды.