Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады Фото:elements.envato.com

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесі ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесі ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

"Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі. Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағат 21:00 мен 14 қыркүйек сағат 6:00 аралығында және 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағат 21:00 мен 15 қыркүйек сағат 6:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі", - делінген хабарламада.

Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети