Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады

Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасы мәліметіне сілтеме жасап.


Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасы мәліметіне сілтеме жасап.

"Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесінің мына бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі - 19 қыркүйек сағат 21:00 мен 20 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
  • Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағат 21:00 мен 21 қыркүйек сағат 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағат 21:00 мен 22 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
  • Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағат 21:00 мен 24 қыркүйек сағат 06:00 және 24 қыркүйек сағат 21:00 мен 25 қыркүйек сағат 06:00 аралығында", - делінген хабарламада.

Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғаны айтылды.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - делінген басқарма хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети