Алматыда Саин көшесі үш шақырымға ұзарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©newsmir.info ©newsmir.info

Алматыда Саин көшесі 3 шақырымға ұзарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Саин көшесі 3 шақырымға ұзарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Жолды ұзарту жұмыстары Рысқұлов даңғылынан бастап Ақын Сараға дейін жүргізіледі. Жаңартылған аймақ қала маңының солтүстік бөлігі мен мегаполистің негізгі магистральдарын байланыстырады.

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері құрылыс жұмыстарын қаржы мәселесі шешілгеннен кейін бірден бастайтынын мәлімдеп отыр.

Қазіргі уақытта құрылысшылар Назарбаев, Райымбек және Жансүгіров даңғылындағы жаңарту жұмыстарын аяқтап жатыр. Аймақты белгіленген уақытынан ертерек, яғни 2018 жылдың қараша айында тапсыру жоспарланған.

"Назарбаев даңғылын пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін көлік жүктемесі 20 пайызға төмендейді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың солтүстік бөлігін орталыққа жалғайтын іргелес басты көшелерінде болатын кептелістер айтарлықтай азаяды", - деп мәлімдеді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ернұр Абжахан.

Ірі құрылыс жұмыстары Абай даңғылында да жүргізіледі екен. Келесі жылы батыс бағытта, сондай-ақ ауыр техника жұмыс істейтін Хмельницкий көшесінің аймақ жұмыстары да аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыста мердігерлер сейсмикалылықты және ауыр жүктемені ескере отырып, еуропалық технологияларды пайдаланған.

"Мұнда ортотропты табақша мен эстакада қолданылған. Еуропалық "Тенсар" технологиясының әдісі ескеріле отырып қолданылған. Бұл жобаның құнын едәуір азайтады, ал конструкция өзінің көтеру қабілетін жоғалтпайды", - дейді мердігерлік ұйымның жетекші инженері Ермек Ниязбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro