Алматыда Наурызбай ауданы әкімдігі маңында сақ қорғандары бұзылып жатыр. Оны құм өндіру үшін жеке тұлға жасағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Наурызбай ауданы әкімдігі маңында сақ қорғандары бұзылып жатыр. Оны құм өндіру үшін жеке тұлға жасағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Facebook-тегі "Защитим Алматы" тобында пайда болды.
"Қала аумағында археологиялық ескерткіштерді бұзып жатыр. Наурызбай әкімдігінен 300 метр жерде сақ қорымы жойылу алдында тұр. Сақ дәуіріндегі "Ақжар" қорымы. Қорымның барлық қорғаны топырақтан тұрғызылған, тек үйінді жиегіне тастар қойылған. Екі қорған үйіндісінің бетінде ХХ ғасыр басындағы мұсылман зираты орналасқан. Қорғанның бір бөлігі жер қазу барысында бұзылған", - деп жазады Ольга Гумирова Facebook желісінде.
Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Ерлан Қазизов бұл ескерткішті біздің дәуірімізге дейінгі VII-IV ғасырға жатқызуға болатынын айтты.
"Бейіт төрт қорғаннан тұрады. Олардың екеуі жерді қазу жұмыстарына байланысты жойылып кеткен. Ескерткіш туралы айту қиын, өйткені ол зерттелмеген. Бірақ шамамен осындай Қорғанда Алтын адам табылған. Археология ескерткіші маңын Заңнама бойынша қорғау аймағы 40 метр. Яғни, 40 метр радиуста кез келген құрылыс немесе жер жұмысын жүргізуге тыйым салынады. Бұл жағдайда қорғандардың бір бөлігі қирап, жер жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ерлан Қазизов.
Наурызбай ауданы әкімдігі өкілі қорған аумағы қорғалмағанын айтты.
"Олар бұл аумақты құм-қиыршықтас қоспасын алуға қазған. Заңсыз қызмет туралы полиция басқармасына хабарланды.
АНD 246 экскаваторының жүргізушісі анықталды. Ол Шұғыла ықшамауданындағы Нұрлы көшесіндегі сақ қорғаны маңында шұңқыр қазған. ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша 30 АЕК (87 510 теңге) сомасына хаттама жасалды.
Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасы тапсырыс берушіні анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алматы мәдениет басқармасының ақпараты бойынша, қорғандарды қорғау мақсатында биыл екі жағына белгілер орнатылады", - деді әкімдікте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!