Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз дүниеге келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы қаласы №2 перзентхананың баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы №2 перзентхананың баспасөз қызметі

Алматыда салмағы 6020 келі болатын қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда салмағы 6020 келі болатын қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

№2 қалалық перзентхананың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол - отбасындағы екінші бала. Перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанованың айтуынша, бұл жүктілікте олар баланың салмағы көп болады деп күтпеген. Ал перзентхананың қызметкерлері барлық жағдайға дайын болыпты. 

"Біз баланың салмағы 6 келіден асады деп күткен жоқпыз. УДЗ ұрық төрт килограмнан асады деп көрсетті, бірақ ультрадыбыстық зерттеу арқылы нақты массаны анықтау мүмкін емес.  Біз 4290 келі болады деп болжадық. Босанудың табиғи түрінен бас тарту керегін айтқанда түсіндік. Әрине, олар сонымен бірге әйел бұған дейін де туғанын және алғашқы баласының салмағы да аз емес екенін ескерді", - деді маман.

Телеарна мәліметінше, туғаннан кейін қыз дәрігерлер мен медбикелердің 10 күн бақылауында болды. 9 күн ол анасымен бірге жаңа туған нәрестелер бөліміне жатқызылған. Анасы 23 жаста. Ата-аналар үшін, сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін бұл күтпеген жағдай болыпты. 

"Мен перзентхананың ұжымына, дәрігерлерден бастап санитарларға дейін, олардың кәсіпқойлығы, зейінділігі мен адамгершілігі үшін алғыс айтқым келеді", - дейді қыздың анасы Инабат Қостанбай.

"Мұндай жағдай біздің перзентханада ғана емес, қалада да сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәресте өзін жақсы сезінеді, оларды үйге шығарып үлгерді", - деді  Диляра Сыртанова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer